×

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын колонияда өтейтін болды

Депутаттың ұлы жазасын енді колонияда өтейтін болды.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын колонияда өтейтін болды
Фото: uww.asia / видеокадр

Бүгін Алматыда мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бойынша іс қаралды. Сотта Қуандық Бишімбаевты қорғаған танымал адвокат Назкен Құсайынова бұл жолы Нұрасыл Болаттың мүддесін қорғаған. Ол кеше Н.Болатты колонияға жібермеуді өтінген.

Алайда бүгін сот шешімімен Нұрасыл Болат қалған 1 жыл 5 ай 10 күнін қауіпсіздігі орташа колонияда өткізетін болды.

Бұған дейін сот талқылауы барысында Медеу ауданының пробация қызметінің өкілі 21 жастағы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды бірнеше рет бұзғанын хабарлаған болатын. 2024 жылдың мамыр айында Нұрасыл Болат адвокат Олег Черновты және оның әйелі Аннаны ұрғаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған. Нұрасыл Болат Алматының пробация қызметінде есепте тұр. Бұл сотталған адам түнде ешқайда шықпау керек дегенді білдіреді.

Сотқа дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов пробациялық тәртіпті бұзып, тойда көрінген ұлы Нұрасыл Болатты қорғап сөйлеген еді. Депутат баланың артынан аңду бар деп күдіктенеді. Отставкасы туралы сұрақты өз сайлаушылары шешетінін мәлімдеді. Өз жұмысына жоғары баға берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат ісі: "Құйымшағы ашық жатыр екен, жамбасына үш рет сұғып алдым" –  Абзал Шынасыл
Бүгін, 10:45

Шерзат ісі: "Құйымшағы ашық жатыр екен, жамбасына үш рет сұғып алдым" –  Абзал Шынасыл

Айыпталушы Абзал Шынасыл сот отырысында бет-жүзін көрсете беруге келісті
Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалған
Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →