×

Армения үкіметі Еуроодаққа қосылу процесін мақұлдады

Бұл туралы елде жалпыхалықтық референдум өтуі мүмкін

Армения үкіметі Еуроодаққа қосылу процесін мақұлдады
Сурет: depositphotos.com/Ale_Mi

Армения үкіметі Еуроодаққа қосылу процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай шешім бүгінгі министрлер кабинетінің отырысында қабылданған.

“Армения Еуроодаққа қосылу бойынша процесті бастағаны туралы хабарлайды”, – делінген заң жобасының мәтінінде.

Елдің сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян бұл туралы өз пікірін білдірген.

“Заң жобасы ұлттық ассамблея қарауына азаматтық бастама ретінде ұсынылған, енді ел үкіметі белгіленген тәртіп бойынша өз ұстанымын білдіруі кереК. Еуроодақ Армениядағы демократияға деген саяси қолдауын бірнеше рет білдіріп, қолдауға дайын екенін көрсетті. Және Армения айналасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты", –  деді ол.

 Елдің премьер-министрі Никол Пашинян осы отырыста Еуроодаққа қосылу үшін референдум керек дейді.

“Арменияның Еуроодаққа қосылуы туралы шешім тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдануы мүмкін деп мәлімдеді. Ол уақытқа дейін Армения мен ЕО "жол картасын" әзірлеуі керек”, –  деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баку Мәскеуге Әлиевті сөзбен қорлауға жол берілмеуі керектігін ескертті
Бүгін, 22:24

Баку Мәскеуге Әлиевті сөзбен қорлауға жол берілмеуі керектігін ескертті

Кремль Карасевтің сөздерінен хабарсыз екенін айтты
Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген
Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек -Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →