×

Қазақстан ЕуроОдақ елдеріне баруға визаны жеңілдетуді сұрады

Қазақстан ЕуроОдақ елдеріне баруға визаны жеңілдетуді сұрады
Фото: СІМ

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичті қабылдады деп хабарлайды  Qaz365.kz

Кездесуде екі жақ Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимін жеңілдету мәселесін талқылады.

 Тараптар бұл бағыттағы келіссөздерге дайындықты жалғастыруға қатысты берік ұстанымын растады, – дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Шенген визасын қазақстандықтарға жеңілдету туралы мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. 2017 жылдан бастап ЕО-ның барлық елінің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады. Бірақ Еуропаға бару үшін қазақстандықтар күрделі процедурадан өтуі керек.

Өткен жылдың соңында Қазақстан СІМ вице-министрі Роман Василенко 2025 жылы виза мәселесі бойынша келіссөздер ресми түрде басталады  деген сенім білдірген еді.

Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. СІМ мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қараша аралығында екі арадағы тауар айналымы 442 млрд долларға жеткен. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 180 млрд доллар еуропалық инвестиция салынған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →