×

Сайлау учаскелеріндегі рәсімдер ашық өтіп жатыр - Ұлыбритания өкілі Реза Табризи

Бұл сайлау –  Қазақстанның болашағына үлесін қоса алатын жастар үшін жақсы мүмкіндік

Сайлау учаскелеріндегі рәсімдер ашық өтіп жатыр - Ұлыбритания өкілі Реза Табризи
Qazaqstan TV

Сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібіне байқаушылар жақсы баға беріп отыр. Бұл туралы Ұлыбритания парламенті Қауымдар палатасының жоғары саяси кеңесшісі Реза Табризи айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

“Осыған дейін Қазақстанған 2019 жылы өткен сайлауға байқаушы ретінде келген болатынмын. Атап айтқанда, 1992 жылдан беру осы елге жиі сапармен келіп жүрмін. Жалпы бүгінгі салау нәтижесі туралы әлі айту ертерек. Таңертеңнен бері үш учаскеге барып үлгердім. Бұл сайлау учаскелерінде дауыс беру жақсы қарқында жүріп жатыр”, –  деді Р. Табризи елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингіде.

Осы орайда ол сайлау учаскелерінде заң талаптары сақталып отырғанын айтты.

“Сайлау учаскелеріндегі рәсімдердің барлығы ашық өтіп жатқанын байқадық. Дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалған. Осы жұмыстардың барлығын байқаушылар жақсы бағалап отыр. Сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың да көңіл-күйі көтеріңкі екенін байқадық. Жалпы, баршасы осы сайлаудың ашық өткенін қалайды және дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес өтуінің маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл өз кезегінде Қазақстанның болашағына үлесін қоса алатын жастар үшін жақсы мүмкіндік”, –  деді Ұлыбритания парламентінің өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілен азаматтардың 23,37 пайызын құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды
Кеше, 15:53

Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды

Депутат өз сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады
Депутат Әділет министрлігі өкіліне бірқатар сұрақ қойды
Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →