×

Назарбаев немере інісі Сатыбалды мен Кәрім Мәсімов ісіне қатысты пікір білдірді

Біз құдай емеспіз ғой. Сондықтан соттың аяқталғанын күтеміз

Назарбаев немере інісі Сатыбалды мен Кәрім Мәсімов ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы “мемлекетке сатқындық жасады” және өзге де ауыр баптар бойынша айыпталған  Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс бергеннен кейін “Мәсімов ісі” бойынша журналистердің сұрағына жауап берді. 

“Бұл мені де қызықтырады. Мен де сот тергеуінің аяқталуын күтіп жүрмін. Не себеп болғаны, артында кім тұрғанын айту қиын. Мәсімов көп жыл менімен жұмыс істеді. Бірақ қайдан білесің? Иса Мәсіх жанында отырған сатқын Яһуди туралы білді ме? Біз құдай емеспіз ғой. Сондықтан соттың аяқталғанын күтеміз, сол арқылы шындықты білеміз деп ойлаймын”, –  деді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, 18 қарашада Астанада ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталған болатын. Оған қатысты іс “аса құпия” деген белгімен қаралып жатыр.

Тұңғыш президент немере інісі Қайрат Сатыбалдының соты туралы да пікір білдірді.

“Соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділетсіз деп санайтын,  сот шешіміне қарсылық білдірген адам арыздануы керек.  Қалай болғанда да, сол адам арыз жазуы керек, арғысын сот шешеді”, –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақстан ҰҚШҰ-дан Армениямен бірге шыға ма - ҚР СІМ жауап берді
Кеше, 17:15

Қазақстан ҰҚШҰ-дан Армениямен бірге шыға ма - ҚР СІМ жауап берді

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді
Блогер Шымкент қаласының әкімінің қала және өңір журналистерімен кездесуі қалай өткенін айтты
Министр алдымен осы аптада Сенатта мақұлданған қоғамдық бақылау туралы заңға тоқталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →