×

«Цензура орнатпақ па»: Желіде БАҚ-қа сұхбат беретін ғалымдарға ескерту жасаған министрліктің хаты тарады

12 пункттен тұрады 

«Цензура орнатпақ па»: Желіде БАҚ-қа сұхбат беретін ғалымдарға ескерту жасаған министрліктің хаты тарады
Фото: ©liter.kz

Әлеуметтік желіде Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ғалымдар мен тарихшыларға ескерту жасады» делінген хаты таралып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Желіге хаттың көшірмесін Айтуған Сәбитов атты азамат таратты. 
 

«ҚР Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің құжаты екен. Аштық жайлы, репрессия жайлы сынайтын мақала жазбаңдар дейді (көрші империялистердің ықпалының лебі ме?) Мемлекеттің ісіне араласып, олардың қытығына тиетін мақалалар шығармаңдар дейді. Кеңес өкіметіндегідей цензура орнатпақ па? Мақалаларды химия мен қоршаған орта тақырыбында жариялап жүргенім дұрыс екен», - дейді ол.

Тараған хатта «қоғамдық келісімді сақтап, этносаралық, конфессияаралық қақтығыстарға жол бермес үшін, әсіресе мемлекетаралық қатынастарда түсініспеушілік болмас үшін мақала жазып, БАҚ-қа сұхбат берген кезде келесі кеңестерді сақтау керек», - делінген.
12 пункттен тұратын хатта тарихшылар мен ғалымдар «өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы аштық пен репрессияға тарихи бағалау беруден аулақ болуы, жекелеген тарихи тұлғаларды қорламауы, хиджаб пен қалалардың атын өзгерту секілді БАҚ-та қызу талқыланатын тақырыптар бойынша сұхбат бермеуі, мақаланы басшылықпен мақұлдап алуы» керектігі ескертілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді
Бүгін, 03:43

«Одан әрі созбаймыз». Дональд Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді

Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.
Владимир Путин Ресейдің Ауғанстандағы «Ислам Әмірлігін» ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →