Оны полиция басқармасына алып кеткен
Белгілі қоғам қайраткері, журналист және белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы бүгін сағат 11-де Алматыда ұсталды. Бұл туралы адвокат Айнұр Айдарханова мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, Рысбек Сәрсенбайұлы мен құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованы Талғар ауданының полиция басқармасына алып кеткен.
Ұстау себебі әлі хабарланған жоқ. Осы уақытта Сәрсенбайұлы Алматыдағы Республика алаңында "саяси тұтқындары жоқ Тәуелсіз мемлекет" атты баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлағаны белгілі.
Сәрсенбайұлы митинг емес, тек журналистермен және блогерлермен әңгіме өткізетінін айтты.
Әлеуметтік желіде журналистер Рысбек Сәрсенбайұлын полиция бөлімінен ауруханаға жеткізілгенін хабарлауда. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығы жайлы дәрігерлер ақпарат берген жоқ.
Айта кетейік, Рысбек Сәрсенбайұлы – Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы.
2006 жылғы 13 ақпанда бұрынғы ақпарат министрі және оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлы оққағары мен жүргізушісімен бірге өлі күйінде табылған болатын.