×

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылына жетті

8 вагоннан тұратын медициналық пойыз

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылына жетті
Фото: Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографикалық дамуын қамтамыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуды мақсат еткен медициналық пойыз Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылына келіп тоқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Станция бекетіне тоқтаған білікті мамандарды Ордабасы халқы Бадам станциясынан күтіп алды.

Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов аудан мен ауыл тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып профилактикалық тексерістерден өтуге шақырды.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бас дәрігері тұрғындарға қызмет алу барысын түсіндірді.

8 вагоннан тұратын медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург-травматолог , педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетті.

 «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 06-07 қараша күндері ауданға қарасты Бадам станциясында 360 ауыл мен барша аудан тұрғындарына тегін медициналық кеңес пен көмек көрсетілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →