×

Түркістанда облысында биыл атқарылған медициналық көмектің нысаналы индикаторлары бойынша талқылау өтті

Түркістан облысындағы БМСК емханаларына 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген

Түркістанда облысында биыл атқарылған медициналық көмектің нысаналы индикаторлары бойынша талқылау өтті
Фото: Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен жиында басқарманың тоғыз айлық есебі, тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы жұмыстар, облыстағы кардиологиялық көмектің 9 ай қорытындысы туралы және туберкулез көрсеткіштерін талдау нәтижесі мен нәресте өлім-жітімінің алдын алу жұмыстары сараланды. Сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық қызметінің талдау қорытындысы тыңдалды.

“Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осы салаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдарының алдында 2024 жылға бірқатар міндеттер қойылған болатын. Олардың ең бастысы – жұмыс көрсеткіштерін өткен жылмен салыстырғанда жақсарту және халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жыл қорытындысымен ішкі медициналық көрсеткіштерді жақсарту, медициналық қызмет сапасын көтеру, бағытында жұмыстар атқарылды. Әлі де ширата түсу керек. Мәселелер жеткілікті. Әрбір медицина мекемесінің басшысы жұмысты жүйелі үйлестіріп, сапаны жақсартуы тиіс”, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Айта кету керек, 2024 жылы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік медициналық ұйымдары тіркелген және жалпы халыққа қажетті медициналық көмек көрсету және жыл басынан бастап қойылған жұмыстың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысының және штаттан тыс бас мамандардың баяндамалары тыңдалды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев саладағы міндеттер туралы ой қозғады. Ана мен бала денсаулығын сақтау, жүрек-қан тамырлары, туберкулез және өзге де дерттердің алдын алу мәселелері талқыланып, тиісті ескертулер айтылды. Арыз-шағымдармен, өтініштермен жұмыс жүргізу мәселесі де сөз болып, тиісті тапсырмалар берілді.

Түркістан облысындағы БМСК емханаларына 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1,7 миллионға жетіп отыр. Аймақта 49 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін көтеру, арнайы құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →