×

Күн суыды, тұмаудан қалай сақтану керек – саурандық дәрігердің кеңесі

Дәрігер маманның айтуынша, тұмаудың диагностикасы әдетте клиникалық тексеруге негізделген

Күн суыды, тұмаудан қалай сақтану керек – саурандық дәрігердің кеңесі
Фото: gov.kz

Күн суығанда тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы – тұмау өрши түседі. Адамның ересегі, баласы, үлкен-кішісіне қарамай, бұл аурудан қиналатындар көп. Qaz365.kz тілшісі Түркістан облысына қарасты Сауран ауданының терапевт дәрігері Назира Аманбаевадан тұмаудан сақтанудың жолдарын сұрап білді.

Назира Аманбаева күн салқындағанда тұмау вирусы өршитінін еске салды. Адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынса қиын. 

«Салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Сондықтан тұмау мен салқын тиіп ауруды шатастырып алмау керек. Тұмау вирусы адам ағзасының иммунитетін төмендетеді. Ауруды емдеу күрделі, бірақ иммун жүйесі тұмаумен күресуде және денені қалпына келтіруде үлкен рөл атқарады», – дейді ол.

Дәрігер маманның айтуынша, тұмаудың диагностикасы әдетте клиникалық тексеруге негізделген. Дене температурасы күрт көтерілген жағдайда мүмкіндігінше тезірек дәрігерден кеңес алу керек. Тұмаумен ауырған кезде дәрігердің бақылауында болу өте маңызды, себебі асқынудың басталуын уақытында анықтауға мүмкіндік береді. 

«Асқынулар температураның қайта көтерілуі, жөтелдің жоғарылауы және жалпы жағдайы біршама жақсарғаннан кейін қайтадан нашарлау сияқты белгілерде пайда болады және әдетте аурудың 4-5-ші күндерінде білінеді. Бұл жағдайда қосымша анализдер жүргізу керек. Сондықтан иммунитетті күшейту маңызды.  Терең демалу, көп сұйықтық ішу, алкоголь ішу және темекі шегуді тыйған жөн. Тұмау кезінде антибиотиктер ішу тиімсіз. Антибиотиктер тек екінші реттік бактериялық аурулар болған жағдайда ғана тағайындалады. Бірақ суық тию немесе тұмау белгілері байқалған кезде антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау тұрғындар арасында кең таралған. Көбіне бұл кері әсер туығызады», – дейді маман.

Тұмау ел ішіне тараған кезед топтық иммунитет қалыптастырған дұрыс. Ондай сақтандыратын ағза халықтың едәуір бөлігі инфекцияға қарсы екпе алып, иммунитетке ие болған кезде қалыптасады. Мұндайда вирустың таралуы азаяды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →