×

Қаназдық емделмейтін ауру емес – дәрігер анемияның себептерін атады

Дәрігердің сөзінше, қаназдық жүктілік кезінде де дамиды

Қаназдық емделмейтін ауру емес – дәрігер анемияның себептерін атады
Фото: ашық дереккөзден

Қанның құрамында темірдің жетіспеушілігі бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналды. Медицина тілімен айтқанда, анемия деп аталатын аурудың бұл түрі әсіресе, жүкті әйелдерде жиі кездеседі екен. Осы турасында Qaz365.kz тілшісіне Түркістан облысындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының тәжірибелі дәрігері Ақнұр Бектұрсынова өз кеңестерін айтты.

Дәрігер Ақнұр Бектұрсынованың айтуынша, алғашқы кезде бұл дертке шалдыққан адамдар ештеңені сезбейді. Дегенмен, ауру өрши келе тез шаршап, басы айналып, тәбеті бұзылады. Керісінше бұл дертпен науқастанған адамдар бор, топырақ сынды заттарды үнемі жегісі келеді. Көп жағдайларда қан аздыққа шалдыққандардың өңі бозарады. 

Сондай-ақ оны басқа аурулар тудыруы мүмкін. Олар жұқпалы, қабыну, онкологиялық, ішекқұрт аурулары, патологиялық босану мен етеккір немесе тағы басқалары болуы мүмкін. Оған сыртқы факторлар да, мәселен, дұрыс емес рацион, уақытында тамақтанбау, жарақаттанып, көп қан жоғалту, операция әсер етеді. 

«Анемия ағзада кей заттардың жетіспеуінен де болады. Мысалы, В12 дәрумені мен фолий қышқылының, балаларда С дәруменінің тапшылығы және пиридоксиннің аз болуынан анемия болады. Бұл заттардың барлығы гемоглобин мен эритроциттің түзілуіне әсер етеді. В12 дәрумені мен фолий қышқылы адамның тұтынатын тағамында болмауы немесе өте аз болуы мүмкін. Оған алкоголизм мен нашақорлық, бауыр мен асқазанның созылмалы аурулары да әсер етеді. Анемия ағзаға темірдің көп мөлшері қажет болған жағдайда да пайда болады», - дейді маман.

Дәрігердің сөзінше, қаназдық жүктілік кезінде де дамиды. Өйткені, ананың ағзасына баланың қалыптасуы үшін көп темір қажет. Қалыпты жағдайда әйелдің ағзасынан күніне 0,6 миллиграмм темір шығады, ал бұл сан жүктілік кезінде 3,5 миллиграмға дейін артады. Қаназдық төмен деңгейде болғанда оның симптомдары әдетте біліндейді. 

«Қаназдық емделмейтін ауру емес. Ағзада темірдің жеткілікті болуы үшін дұрыс тамақтану, құрамында темірі бар дәрі-дәрмектерді ішу қажет. Ауру асқынбай тұрып, дәрігерге көрініп, кеңесін алған жөн. Өйткені, өз бетінше емделу қауіпті жағдайға апаруы мүмкін» - дейді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →