×

Газды сусындар өмір сүруді қысқартады

Маманның айтуынша, тәтті сусын тұтынған адамдардың ғұмыр жасы қысқа болады

Газды сусындар өмір сүруді қысқартады
Фото: gov.kz

Газдалған сусынның денсаулыққа зияны туралы талай айтылып та, жазылып та жатыр. Оны тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмірінің ұзақтығы бірдей деген болжам бар. Себебі ол  тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Бұл туралы Түркістан облысы Сауран ауданының терапевт воп дәрігері Назира Аманбаева Qaz365.kz тілшісіне айтып берді.

Маманның айтуынша, тәтті сусын тұтынған адамдардың ғұмыр жасы қысқа болады. Ол ағза клеткаларын қартайтады. Газды су неғұрлым тәтті болған сайын оның адам ағзасына тигізетін зияны да соғұрлым көп болмақ. 

«Құрамында қант мөлшері жоғары сусындарды үнемі тұтыну физикалық жағдайға, соның ішінде семіздікке, екі типті қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупінің жоғарылауына, сондай-ақ тістерге және жалпы метаболикалық денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Тәтті сусынды көп ішкен адамның ағзасындағы майдың көлемі күрт төмендеп кетеді.   Қантты сусындарды үнемі тұтынатын балалардың семіздікке шалдығу қаупі жоғары, бұл өз кезегінде ересек жастағы көптеген ауруларға, соның ішінде жоғары қан қысымы, қант диабеті және жүрек ауруларына әкелуі мүмкін. Мейлінше газдалған сусынды көп тұтынбай, оны қарапайым қара сумен алмастырған абзал», – дейді Назира Аманбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →