×

Шардаралық студенттерге АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу шаралары түсіндірілді

АИТВ инфекциясы – адамның иммундық жүйесіне әсер етеді

Шардаралық студенттерге АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу шаралары түсіндірілді

Бүгінде АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін егетін вакцина болмағандықтан, халық арасында санитарлық ағарту тұрақты түрде жұмыстарын жүргізу, яғни түрлі семинарлар, дөңгелек үстел, тренингтер мен кездесу кештері, акциялар өткізіліп тұрады. Осы ретте, Түркістан облысы Шардара ауданында орналасқан №16 Колледж студенттеріне АИТВ/ЖИТС инфекциясының зияны түсіндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара барысында оқушыларға инфекционист, акушер-гинеколог дәрігерлер АИТВ инфекциясының таралуы мен одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты. Қатысушыларға өз мәртебесін анықтау үшін орталыққа келіп, тегін медициналық тексеруден өту ұсынылды. Мамандар ЖИТС инфекциясы жайлы да толыққанды ақпарат ұсынып, жастар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер жастардың денсаулығына немқұрайлы қарамай, ауырған жағдайда тексерістен өтуге шақырды. Сонымен қатар кездесуде жаңадан анықталған АИТВ-жұқтырғандарға бірінші психолог дәрігер кеңесі беріп, АИТВ-статусы айтылып, есепке алынады және тексерулер жүргізілетіндігі айтылды.

АИТВ инфекциясы – адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. АИТВ диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді. АИТВ-инфекциясына тексеруді жасырын түрде жүргізуге болады. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы, не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы және симптомсыз кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →