×

Оралда тұрғындар ереуіл жасап айналма жолды жапты

Оралда тұрғындар ереуіл жасап айналма жолды жапты
Фото: sarapshy.info

Орал қаласының іргесіндегі «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары мәселелеріне назар аударту үшін іргелеріндегі айналма жолды жапты, деп хабарлайды Qaz365.kz «Sarapshy.info» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, аталған ауданда тәулік бойы жарық болмаған. Бұрынғы серіктестік төрағасы жарықтың ақшасын электр желілері компаниясына төлемей кеткен.

Дәл қазір аудан тұрғындарының «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ына қарыз мөлшері 71 млн теңгеге жеткен. Сол себепті таңертеңгі сағат 11:00-ден бастап ауданның жарығын өшіріп тастаған. Шамамен бұл ауданда екі мың екі жүзден астам үй бар.

Бау-бақша серіктестігі болып саналғандықтан мұнда 1 кВт/сағ электр энергиясының құны қазіргі уақытта 1 кВт үшін 32,60 теңге. Ал Орал қаласы бойынша орташа тариф — 28,16 теңге. 

Қыстың күні жарық пен жылудың өшкеніне наразы халық жиналып, шағымдарын білдіруде.

Тұрғындардың айтуынша, осы уақытқа дейін электр энергиясының ақшасын ауданның бұрынғы төрағасы Асылбек Қабесовтың Kaspi нөміріне аударып отырған. Кей жағдайда серіктестік төрағасы отырған кеңсеге барып, қолма-қол төлеп жүрген.

«Құс фабрикасы» ауданының бес жылдан бергі тұрғыны Азиза бұрынғы төрағаның кезінде өшпеген жарық, енді неге өшеді дейді. Осы уақытқа дейін бұрынғы төрағадан қарыздың сұрауы болмағанына таңғалады.

Қыстың күні үйдің іші салқын. Балалар сабақтан келді. Халық ашынғаннан осында шықты. Бұрынғы төрағаның қарызы жабылмай, жарықты қоспаймыз дейді. Осы уақытқа дейін бұрынғы төраға қарызды неге жаппаған? Оған неге халық кінәлі? Бізде лицевой счет (жеке шот) жоқ. Бұрынғы төраға Асылбек Қабесовтың счетына немесе конторға келіп, қолма-қол төлеп жүрдік. Халық қарыз емес. Ай сайын жарықтың, газдың ақшасын төлеп тұр. Қалалық электр желілері бастығынан сұрап жатырмыз, олар осы уақытқа дейін бұрынғы төрағадан неге сұрамаған? Есеп сұрамай ма? Ал қазір жаңа төрағаға келіп, «жарықты өшіреміз. Сендер мына қарызды төлеуге міндеттісіңдер» деген нәрсені неге қойып тұр деймін,— дейді тұрғын.

Ал Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының Бақылау және есеп жөніндегі директор Рүстем Нұрболатұлы шағым түскеннен кейін жарықты өшіріп тастағанын айтады. Әр тұрғынға жеке шот ашу үшін техникалық жағдай (техусловие) керек дейді.

Бізге Зачагандағы бау-бақша серіктестігінің электр қуатын өткеру жөнінде 72 млн теңге қарызы бар екені туралы шағым түсті. Біз жарықты сол үшін өшіріп тастадық. Шарт бойынша тек он трансформатор бар. Сол он счетчик бойынша шығады. Біздер әрбір үйге кіре алмаймыз. Әрі қарай әрекетті әкімдік шешу керек, — дейді ол.

Ал «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің қазіргі төрағасы Асхат Әнесұлы әлі «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-мен келісімшартқа отырып үлгермегенін айтады:

Қазіргі халықтың көтеріліп жатқан себебі — РЭК-ке («Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС) осы аудан тұрғындарының жарыққа  бережақ болғаны. Маған дейінгі тағайындалған төраға Асылбек Қабесов ақшаны РЭК-ке төлемей келген. Қазіргі кезде 71 млн теңге болған. Олар келді де жарықты өшіріп тастады. Ал мен ақшаны төлеп үлгерген жоқпын. Маған төле деп жатыр. Мені әлі РЭК-пен келісімшартқа отырған жоқпын — дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →