×

«Алматы көшелері»: Almaty TV-де жаңа бағдарлама жарыққа шықты

Үш жылда Алматыда 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды

«Алматы көшелері»: Almaty TV-де жаңа бағдарлама жарыққа шықты
Фото: Almaty tv

Әр нөмірде автор қала тұрғындары, тарихшылар және сәулетшілермен бірге белгісіз фактілерді ашып, сонымен қатар қала билігі өкілдерінің Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерін, көшелері мен даңғылдарын қайта жаңғырту және өзгертуге қатысты жоспарын сөз етпек, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Алматы көшелері» – мегаполиспен бірге дамып, өсіп келе жатқан тұтас тарих және өзіндік әлем. Телеарна журналистері екінші бөлімді Абылай хан даңғылына арнады.

Айта кетейік, үш жылдың ішінде Алматыда 85 жаңа және 71 қоғамдық орын пайда болды. Қазірдің өзінде 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды. Биыл 300 шақырымды орташа жөндеп, 35 шақырымнан астам жаңа жол салуды жоспарлап отыр.

Телеарна редакциясы алдағы шығарылымда Алматыда қала әкімінің бастамасымен алғаш рет «Қасбеттен қасбетке» қағидасы бойынша Достық даңғылы мен Пушкин көшесін абаттандыру жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтады. Жобада тек көше ғана емес, жаяу жүргіншілер жолын, іргелес аумақтарды, қасбеттерді абаттандыру жұмыстары да бар.

Almaty TV-де «Алматы көшелері», «Made in Almaty», «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы»  сияқты бірқатар жаңа бағдарламалар жарық көрді. Жуырда «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобалары көрерменге жол тартады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті
Кеше, 16:23

Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті

Ананы ардақтау – адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз
Ата-бабамыз әлімсақтан әйелзатын ардақтап, ананы айрықша қадір тұтуға тәрбиеледі
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер
Құранның 2-сүре 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» деп айтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →