×

Алматы полициясы неліктен күшейтілген режимге көшті

Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметкерлері жұмылдырылды

 

Алматы полициясы неліктен күшейтілген режимге көшті
vlast.kz / Жанара Каримова

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 9 қарашадан бастап мегаполис полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.

Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

«Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің саны артады. Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралап жүр», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізуде.

«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және тағы басқа айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара», – деп атап өтті полициядан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →