×

Түркістан облысында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер 6 отбасына үй сыйлады

Түркістан облысында бұл үрдіске айналған

Түркістан облысында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер 6 отбасына үй сыйлады
inform.kz

Түркістан облысында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер 6 отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан облысында әр жылдары мектеп бітірген түлектер әлеуметтік жағдайы төмен жерлестеріне үй салып беруді әдетке айналдырған. Игі іс биылғы жылы да өз жалғасын тапты.

Мәселен, Түлкібас ауданына қарасты Абай атындағы және Б.Садықов мектебінің 20 жылдық түлектері мұқтаж отбасыға аудан орталығынан қорасы, моншасы, сарайы бар алты бөлмелі үй сыйлады. Сондай-ақ, жиналған 8 млн. 600 000 теңгеге үйдің ішіне қажетті жиһаз-техникалар сатып әперген. Ал, Арыс қаласындағы Байырқұм ауылында 20 жыл бұрын мектеп бітірген оқушылар өздері білім алған мектепке 3 млн теңгеге демеушілік жасады. Бұл қаражатқа білім ұясындағы тозығы жеткен оқу үстелдері толығымен жаңартылды. Сонымен қатар, түлектер мектепке қоғам қайраткері, белгілі ақын Мұхтар Шахановты арнайы шақырып, рухани мазмұны мол кездесу ұйымдастырған.

Ал, Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебінің 2003 жылғы түлектері көпбалалы отбасыға үш бөлмелі тұрғын үй тарту етті. Бұдан бөлек, Ордабасы ауданындағы Төрткүл елдімекенінде тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер төрт баласы бар жалғызбасты анаға баспана салып берді.

Игі дәстүр аясында Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінде де жалғасты. Мұнда да баспанасы жоқ бір отбасы үйлі болды. Бірлік ауылдық округіндегі №57 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2003 жылғы түлектері аллея салып берді. Келеске қарасты Ақтөбе ауылдық округіндегі №40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің түлектері қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың құрметіне ескерткіш орнатты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды
Бүгін, 16:57

Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды

Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде
Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →