×

Су ішейік пе, әлде у ішейік пе: Алматы су құбырларынан не ағып жатыр

Киевте зымыран соққысынан суы, жарығы жоқ. Біз нені сылтау қыламыз − аудан тұрғыны

Су ішейік пе, әлде у ішейік пе: Алматы су құбырларынан не ағып жатыр
news.myseldon.com

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Қайрат ықшам ауданындағы су құбырларынан ағып жатқан суға журналист, аудан тұрғыны Риза Тұрдақынқызы шағымданып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

“Таң атпай бәріңізді шошытатын ойым жоқ. Алайда Алматы әкімдігіне, Түрксіб әкімдігіне, Бахытжан Акжаров мырзаға дұғай сәлем жолдаймын! Мынау, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Қайрат ықшам ауданы, 21, 22, 23, 24-көшелердің кранында аққан су. Бұл - ауыз су! Сонымен, мына суды ішейік пе, жоқ әлде, у ішейік пе?! Бұл су құбырының жұмыс істегенінен жарылғаны көп. Кімге шағымдансақ екен, Ақордаға ма?” − деп жазды журналист.

Аудан тұрғыны судың сапасына шағымданып қана қоймай, өшіп қала беретін жарықтың да мәселесін айтып өтті.

“Халайық, Киевке көшем! Шын айтам! Кеше күні бойы су жоқ болған! Содан кейін келген судың түрі анау. Енді жарық жоқ. Киевте ғой, жарық жоқ болса зымыран соққысынан дейді, біз неден дейміз, а? Қайрат ықшам ауданы жарықты Талғардан алады. Жел үп етсе өшеді. Газбен жылытатын пеш жарықпен жұмыс істейді. Жарық жоқ болса, жылу жоқ. Бахытжан Ақжаров мырза, мәселе шешіле ме, жоқ елге айтпай бізде де бомба жарасыздар ма”, – деп жазды ашынған аудан тұрғыны, журналист Риза Тұрдақынқызы.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Көптеген тұрғын жәрмеңке демалыс күндері сауда жасап, өнім алатын жерге айналғанын айтады
Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда
Мерейтой иелерінің қатарында Жылыой ауданынан Сауытовтар, Индер ауданынан Азановтар (Гауһар той), Атырау қаласынан Сағынаевтар, Мақат ауданынан Исмағұловтар, Қызылқоға ауданынан Манғұровтар (Алтын той), сондай-ақ Исатай ауданынан Әбішевтер, Махамбет ауданынан Мұқашевтар және Құрманғазы ауданынан Ерекешовтер (Күміс той) отбасы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →