×

Кәсіби мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне баспана берілді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді

Кәсіби мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне баспана берілді
Facebook / Ruslan Zheldibay

28 маусым –  Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Кәсіби мереке қарсаңында журналистерге баспана берілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, 65 мемлекеттік БАҚ қызметкеріне пәтер кілті табысталды.

“Президент мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым.

Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар.

Пәтерлер «Дара» Президент бастамаларының қоры атынан берілді.

Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!” – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →