×

Алматыда қай жерде құрбандық шалуға болады

14 орын белгіленді

Алматыда қай жерде құрбандық шалуға болады
inform.kz

Алматыда құрбан шалуға арналған 14 орын белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мүфтият өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Алматы әкімдігі санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малды сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 14 орынды бекітті.

Аталған орындарда мешіт қызметкерлері құрбандық шалудың шариғат талаптарына сай өтуін қадағалап, діни рәсімдерді атқарады. Бұл ретте Алматы қаласында құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар тізімі келесідей:

Алатау ауданы бойынша:

1.«Мырзахмет» мешіті. «Қарасу» шағынауданы, Солтүстік айналым көшесі, 15 үй.

2. «Әскер ата» мешіті. Әйгерім-1 шағынауданы, Бенберин көшесі, 18/4.

3. «Алғабас» мешіті. «Алғабас» шағынауданы, Ақбөпе көшесі,

Әуезов ауданы бойынша:

4. «Таугүл» мешіті. Таугүл-3 шағынауданы, Паримбетов көшесі, 9а.

Бостандық ауданы бойынша:

5. «Бақыткелді» мешіті. Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.

Медеу ауданы бойынша:

6. Алматы Орталық мешіті. Пушкин көшесі, 16.

7. «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті. Жуков көшесі, 136 а.

8. «Аманқұл ата» мешіті. Т.Бигелдинов көшесі, 5

9. «Фатима» мешіті. Ш.Жәнібек көшесі, 148.

10. «Райымбек батыр» мешіті. Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15.

11. «Арафат» мешіті. Ибрагимова көшесі, 5 а

Наурызбай ауданы бойынша:

12. «Қалқаман» мешіті. Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.

Түрксіб ауданы бойынша:

13. «Қайрат» мешіті. Қайрат шағынауданы, Сарымулдаев көшесі, 22.

Жетісу ауданы бойынша:

14. «Вайнах» мешіті. Айтықов көшесі, 1а.

«Бұл орындарда мешіт қызметкерлері халыққа құрбандық шалу рәсіміне қатысты қызметтерді атқаратын болады», – деді Төлеби Оспан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Кеше, 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →