×

Смайылов жылыту маусымына дайындық жақсармаса, кадрлық шешім қабылдайтынын айтты

Оның сөзінше, қазір әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысынан бірқатар кемшілік көрініп жатыр

Смайылов жылыту маусымына дайындық жақсармаса, кадрлық шешім қабылдайтынын айтты
Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Оның сөзінше, қазір әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысынан бірқатар кемшілік көрініп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мысалы, жүйелі оператор «KEGOC» компаниясы Жылу электр орталықтарындағы күрделі жөндеуді бекітті. Бірақ бұл жұмыс көп өңірде кешігіп жатыр. Тіпті кейбірі жөндеуді келесі жылға қалдыруға мәжбүр.

"Мысалы, Атырау Жылу орталығында турбиналарды жөндеу жұмыстары басталған жоқ. Мерзімнің бұзылуы – 60 күнді құрап отыр. Рудный Жылу орталығында да осындай жағдай. 45 күннен бері жұмыс тоқтап тұр. Теміртау қаласының 1-ГРЭС-індегі қазандықты жөндеу жұмыстары жоспардан мүлдем алынып тасталған. Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек", — деді Әлихан Смайылов.

Ол жылу желілерін жөндеу қарқыны өте баяу екенін атап өтті: 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр. Желілерді техникалық тексеру де біткен жоқ. Үкімет басшысының пікірінше, уәкілетті орган мен әкімдіктердің арасында үйлестірудің жоқтығынан осындай кемшіліктер болып отыр.

"Жалпы жылыту маусымына дайындықты нашар деп бағалаймын. Бірінші басшылардың, әкімдер мен министрлердің жауапты орынбасарлары «кабинетте отырмай» жұмыстың бел ортасында жүруге тиіс. Проблемаларды объектінің басында шұғыл шешу қажет. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ, жаз ортасы келіп қалды. Тәулік бойы жұмыс істеу керек. Бізде құрылыс маусымы өте қысқа, сондықтан тәуекел де жоғары. Жаз біткенше жағдай жақсармайтын болса, онда жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылданады", — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу көздерінің жөндеу мерзімдерін ауыстырмай, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз етуі, Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу желілеріндегі жөндеуді аяқтау үшін барлық қажет шараны қабылдауға тиіс екенін айтып өтті.

Әлихан Смайылов сонымен қатар жылу энергетикасы жөніндегі заң жобасы шеңберінде бекітілген жөндеу кестесін бұзғаны үшін энергия өндіруші ұйымдардың жауапкершілігін белгілеу мәселесін пысықтауы керек екенін атап өтті. "Тарифты бекіту кезінде берілген өтініштердің негізділігін және станциядағы нақты жағдайды анықтауға мүмкіндік беретін кешенді тәсіл қажет" деді ол.

Сонымен қатар премьер-министр екі аптада өңірлік электр желілік компаниялардың техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, қауіпті аймақтар картасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар ол Жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын түгел қайта қарауды талап етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →