×

«Барлық елде солай»: Қарабаев пойыз бен ұшақтардың кешігуі жайлы

Оның айтуынша, екі себеп бар

«Барлық елде солай»: Қарабаев пойыз бен ұшақтардың кешігуі жайлы
Үкіметтің баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәжіліс кулуарында пойыз бен ұшақтар неліктен кешігіп, халыққа ыңғайсыздық туғызатынын түсіндіріп көруге тырысты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қазақстанда ұшақтар мен пойыздар неліктен кешігеді? Бекітілген уақытында шықпайды немесе жетпейді? Бұл сұрақ бүгін мәжіліс кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа қойылған. 

«Бәріне түсіністікпен қарауды өтінемін. Егер кешігу жайлы айтар болсақ, бұл жалғыз Қазақстанда ғана болмайды. Бүкіл елде бар. Екі мәселе бар: борт келді делік. Оны міндетті түрде тексеру керек. Егер бір детальды ауыстыру керек болса, оны қоймадан барып алып келу керек. Болмаса6 оған тапсырыс беру керек. Кешігудің алғашқы себебі де сол», – дейді ол.

Екіншіден Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда адамдардың мобильділігі артқан.

«Былтырғы жылды алып қарасақ, 2021 жылды 2022 жылмен салыстырсақ, авиатасымал 17 пайыз деңгейінде болған. 2022 жылды 2023 жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 34 пайызға өскен. Яғни авиатасымалмен шығатын адамдардың саны үш есе артты. Біз тапсырыс берген борттар саны өспеді. Былтыр елде 87 борт болса, қазір 90 борт бар. Жыл соңына дейін тағы 10 борт қосамыз. Яғни креслолар саны өспесе де, жолға шығатын адамдар саны үш есе өсіп келе жатыр. Міне, басты себеп осы», – дейді Қарабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →