×

Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар табыс етті

Президент БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар табыс етті
Telegram/ Aqorda

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Баршаңызды бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Үздік журналистерді марапаттау шарасында Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Көпшілігіңізді сырттай танимын. Мақалаларыңызды оқып тұрамын.

Еліміздің журналистика саласына жас мамандардың келіп жатқаны – өте жақсы үрдіс. Жазу стилі – ерекше, еркін, батыл, ұстанымы ашық тілшілер бұл кәсіпті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – деді Президент.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
■ «31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
■ «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
■ «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
■ «Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
■ «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
■ «Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
■ «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
■ «Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
■ «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
■ «Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
■ «TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →