Іс-шараға 100-ден аса спикер қатысуда
Форум аясында медиамамандар мен танымал сарапшылар елдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптады, деп хабарлайды qaz365.kz.
Іс-шараға 100-ден аса спикер қатысуда.
Форумның панельдік сессиясында Түркияның 11-ші Президенті Абдолла Гүл, Моңғолияның 3-ші Президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады.
Іс-шараның хэдлайнері - америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш, голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс, YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының иегерлері.