×

Өзбекстанда көп әйел алғандар мен бетін тұмшалайтын киім кигендер жазаланады

Депутаттар көп әйел алғандарды және жеке басты анықтауға кедергі келтіретін киім кигендерді (паранжа) жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң қабылдады

Өзбекстанда көп әйел алғандар мен бетін тұмшалайтын киім кигендер жазаланады
informburo.kz

Өзбекстанда депутаттар көп әйел алғандарды және жеке басты анықтауға кедергі келтіретін киім кигендерді (паранжа) жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды  Qaz365.kz. 

Сондай-ақ, екі немесе одан да көп әйелмен тұруды насихаттайтын, әйел мен ердің тең құқығын ашық түрде жоққа шығаратын азаматтар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

"Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттаушыларға, әйелдер мен ер адамдардың тең құқықтарын ашық түрде жоққа шығарғуға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – делінген құжатта.

Діни неке қию рәсімін жасап, алайда заңды түрде некеге тұрмағандарға да жауапқа тартылады. Одан бөлек заң қоғамдық орындарда жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімге (паранжа) тыйым салады. Дегенмен медициналық нұсқаулық негізінде немесе жұмысына байланысты бетін жабатын, бірақ жеке басты анықтауға кедергі келтірмейтін жағдайлар ескерілген: жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы бас киімдер немесе спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде және заңмен рұқсат етілген киімдер. 

Депутаттардың мәлімдеуінше, заң жобасы ұлтаралық келісімді, діни төзімділікті және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі күш-жігердің тиімділігін арттыруға қызмет етеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшірілді
Бүгін, 20:20

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшірілді

Алдағы күндері орташа және нөсерлі жауын-шашын, найзағай, сондай-ақ секундына 15–20 метрге дейін жететін қатты жел соғады
Триатлон паркінің бас сахнасына қарай 100 қарт ана, 100 «Алтын алқа» иегері және 100 «Күміс алқа» иегері бет алды
Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі мен ерен ерлігі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге
Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – бүгінгі буынның қасиетті парызы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →