×

«Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың»: Динара Сәтжан Тина Канделакидің айыптауларына жауап берді

Сәтжан ресейлік тележүргізушінің айыптауларына тіл қатты

«Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың»: Динара Сәтжан Тина Канделакидің айыптауларына жауап берді
Коллаж Qaz365.kz

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан ресейлік әріптесі Тина Канделакидің Қазақстандағы теміржол станцияларының атауы өзгеруіне қатысты сынына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Канделаки «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін алға тартты.

Осыған қатысты Динара Сәтжан жауап берді.

«Қымбатты Тина! Біріншіден, біз – тәуелсіз, егемен мемлекетпіз. Осындайда орыстардың «Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың» деген мақалы еске түседі. Теміржол вокзалын қалай атайтынымызды өзіміз шешейік.

Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді.

Үшіншіден, орыс тілі елімізде ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Ал бұл біздің Конституцияның  7-бабында бекітілген. Теміржол вокзалдары, өздеріңіз жазғандай, өзгертілген жоқ, бірақ бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары. Орыстың ығысуының бұған қандай қатысы бар? Ал бізде тек мемлекеттік тіл ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Біздің күшіміз осыда!» – деп жауап берді Сәтжан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген
Бүгін, 10:14

Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген

Тексеру барысында 451 азамат тұрғын үйді жалға алу шарттарын бұзғаны белгілі болды
Мерекенің шарықтау шегінде жастар «Той жыры» әнін тірі дауыста бірге шырқап, ұлттық музыканың терең тәрбиелік мәнін тағы бір мәрте дәлелдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →