×

Ринат Зайытов тосын мәлімдеме жасады

Зайытов шығармашылығындағы жаңалығын бөлісті

Ринат Зайытов тосын мәлімдеме жасады
Telegram / Mazhilis_kz

Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов шығармашылығындағы жаңалығын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы депутат-ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі – осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты.

Сонымен, ақпан айының 10-ы күні, Алматыда. Республика сарайы. Сағат 19:00-де өздеріңізді «Абайлаңыздар» атты музыкалық кешке шақырамын.

Кеш түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, «Заман» тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев т.б. «Алатау» ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды.

Уақыт тауып, келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз!

P.S. Мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмсалмайды», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары оны қолдап, кешіне сәттілік тіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Кеше, 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →