×

Алматыда қалыңдығы 20 сантиметрге дейін қалың қар жауады: коммуналдық қызметтер дайындалуда

Бұл қар ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%- ын құрайды

Алматыда қалыңдығы 20 сантиметрге дейін қалың қар жауады: коммуналдық қызметтер дайындалуда
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қалыңдығы 20 сантиметрге дейін қалың қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дүйсенбі күні – 12 ақпанда сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда қалыңдығы 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп күтілуде, бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%- ын құрайды.

Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындыққа келтірілді. Көше-жол желілерінен қар шығару жұмыстары аяқталды. Қысқы кезеңде барлығы 226 мың м3 қар шығарылды.

12 ақпан күні таңертең күшейтілген арнайы техника қар тазалауға шығады деп жоспарлануда, қарды тазалауға 600 бірлікке дейін техника және 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады.

«Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында, қар жауатын негізгі магистральдық көшелерді көктайғаққа қарсы сұйық реагентпен алдын ала өңдеу жоспарлануда. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 172 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады, көктайғақты болдырмау үшін қала көшелеріне көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Жауған қарды тазарту үшін 15 колонна ұйымдастырылады, олармен бірге жол полициясының патрульдік машиналары еріп жүреді», – делінген шаһардың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарламасында.

Тротуарларды, жалпы пайдаланылатын орындарды, кіреберістерді тазалау үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерге 176 шағын көлемді техника бірлігі тартылатын болады.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Кеше, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →