×

«Күйеуіне қораппен тоқал сыйлау не деген сұмдық?»: Депутаттар дабыл қағып жатыр

Мәжіліс депутаты бұл жайтқа қатысты пікірін білдірді

«Күйеуіне қораппен тоқал сыйлау не деген сұмдық?»: Депутаттар дабыл қағып жатыр
Видеодан скриншоттар

Депутаттар күйеуінің туған күніне «тоқал сыйлау» трендіне наразы. Бәйбішесі отағасын мерейтойымен құттықтап, кейін қораптың ішінен хиджап киген өрімдей жас аруды сыйлыққа тарту үрдісі соңғы кезде әлеуметтік желіде жиілеп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстанды қойып, алыс-жақын шетелдерде желдей ескен мұндай видеолар еліміздің абыройына, азаматтардың құқықтық мәртебесіне нұқсан келтіреді деп отыр мәжілісмендер. 

Қыз-келіншектердің бұл әрекетін депутаттар масқараға балайды. Қолданыстағы «Неке және отбасы туралы» заңда да екі әйел алу нормасы жоқ. Сондықтан көптің талқысына түскен жағдай жиілесе, әзіл-шыны аралас трендке үлес қосқандарға құқықтық жауапкершілікті арттыру мәселесі қолға алынбақшы. 

«Бұл бізді төмендетіп көрсететін, ұлттық құндылықтарымызға сызат түсіретіндей жағдай. Қазақтың ғасырлар бойғы өмір сүру тәртібінде әдепсіз жағдай болмаған. Өкінішке қарай, қазір қоғамда болып жатқан, қабырғамызды қайыстырған келеңсіз жағдай. Сондықтан мен түбегейлі қарсымын. Қораппен тоқал сыйлау деген не сұмдық?!» – дейді Аманжол Әлтай.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әйелдің күйеуіне тоқал сыйлаған видеосы желіде қызу талқыға түскен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті
Кеше, 18:50

Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті

Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды
Өңірде 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізуде
Облыста 50-ден астам ұлт өкілі тұрады және 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →