×

Кіші қаратау жотасы тау жыныстарының нақты жасы анықталды

Қазақстаннан әкелінген үлгілердің радиометриялық мерзімдері белгіленген

Кіші қаратау жотасы тау жыныстарының нақты жасы анықталды

Америка құрама штаттарына барып лабороториялық зерттеумен айналысқан Сәтбаев университетінің геологтары кіші Қаратау жотасы тау жыныстарының нақты жасын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz

АҚШ-тағы зерттеуге Сәтбаев университетінің «Геология» кафедрасының жетекші ғылыми жобасымен доцент, PhD докторы Сезім Мұстапаева, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ерқожа Маманов, сондай-ақ «Геология» кафедрасының 2-курс студенті Талғатбек Айболат қатысқан. 

Кіші Қаратау жотасы тау жыныстарының пайда болғанына 820 миллион жыл болған. Мұны зерттеу нәтижесі көрсетіпті.

«Мен Сәтбаев университетінде геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығы бойынша білім алып жатқан екінші курс студентімін. Биылғы жылдың 24 ақпанында бір айға АҚШ-қа барып қайттым. Онда АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті (Балтимор қаласы) зертханасында геологиялық зерттеу жүргіздік. Осы уақыт аралығында Орталық Қазақстандағы төменгі көміртектің негізгі шекаралары аймақтық стандарт әзірлеу бағдарламалары бойынша лабороториялық зерттеумен айналыстым. Сонымен қатар жаңа тас дәуірінің тон кезеңіндегі ағзаны зерттеумен және жаңа тас сериясы жарылымдарының жасын анықтаумен айналыстым», - дейді болашақ геолог Талғатбек Айболат. 

Оның айтуынша, университеттің ғалымдары және студенттер 2023 жылдың тамыз айында Қаратау жоталарында геоологиялық зерттеулер ұйымдастырған.

«Сол геоологиялық зерттеулерден сынама алып, АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетіндегі лабороторияға апардық. Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу тарихын зерттеу үшін Қазақстаннан әкелінген үлгілердің радиометриялық мерзімдерін белгілеп, көміртегі изотоптарының құрамына талдау жасадық. Зерттеу барысында Джонс Хопкинс университетінің ғылыми құрал-жабдықтарын өз керегімізге жараттық. Атап айтқанда, сканерлеуші электронды микроскоп (SEM), LA-ICP-MS қондырғысы арқылы U-Pb мерзімін анықтау әдісін жүргіздік. Одан бөлек, GasBench II пен MAT253 масс-спектрометрін қолдану арқылы δ13C изотопын зерттедік», - дейді жас ғалым.

Ол осы айда көп тәжірибе жинағанын, пайдалы ақпараттар алғанын айтты. Америкалық ғалымдар да Қазақстанның геологиясына қызығушылық білдірген. Енді АҚШ ғалымдары мамыр айында Қаратауға келетін болған. 

«Біздің жеріміздің бай тарихына қызығушылық жоғары. NASA компаниясы да бей-жай қарамады. Алдағы мақсатымыз – Қазақстан геологиясын әріқарай дамыту. Әлемдік деңгейге шығару секілді жұмыстармен айналысамыз. Бірегей мақсаттарымның бірі – Қаныш Имантайұлы атамыздың жолын жалғастыру», - дейді Талғатбек Айболат.

Бір айға созылған зерттеу жұмыстары барысында  Қазақстаннан әкелінген үлгілердің радиометриялық мерзімдері белгіленіп, көміртегі изотоптарының құрамына талдау жасалған. Сонымен қатар зерттеу Кіші Қаратау жотасының қалыптасу жағдайындағы биологиялық белсенділігін, климатын және көміртегі айналымының өзгеруі туралы білуге мүмкіндік беріпті.

Зертханалық жұмыстарды жоғары сапада орындағаны үшін Сәтбаев университетінің 2-курс студенті Талғатбек Айболат Джонс Хопкинс университетінің «Зертханалық қауіпсіздік саласындағы көшбасшы» төсбелгісімен марапатталды. Ал алынған нәтижелер 2024 жылы өтетін «Сәтбаев оқулары» халықаралық конференциясында көпшілік назарына ұсынылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →