×

Алматыда Жеңіс күні тойланды

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматыда Жеңіс күні тойланды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығы тойланды. Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтіп, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Шаһар басшысы майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, мол бақыт, амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагерлер кездесу барысында қала басшылығына назар аударғаны үшін ризашылық білдіріп, Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ естелігін бөлісіп, өлең оқып, соғыс туралы әндер айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді
Бүгін, 17:07

Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді

Соңғы үш жылда ҒЗТКЖ шығындары екі еседен астам өсті
Кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес
Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →