100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев өңірде басқармаға қарасты 45 мемлекеттік мекеме және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана бар екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Барлық медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген. Оның ішінде жеке меншікке - 340 мың (16%). Медициналық ұйымдарда – 35 714,75 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді (дәрігерлер – 5 977,25, орта медицина қызметкерлері – 17 137,25, педаготар – 209, басқалар – 12 391,25). Биылғы жылдың 3 айына облыс халқына 15 307 002 клиникалық-диагностикалық қызметтер, 180 512 жедел жәрдем шақыртулары, 784 санавиация шақыртулары жүргізілді», – дейді Асхан Байдуалиев.
Оның айтуынша, жалпы 3 миллионнан астам амбулаторлық көмек көрсетілген. 100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген (операция саны – 18 693).
«Орташа айлық жалақы дәрігерлер – 563 100 теңге, орта медициналық қызметкерлері – 272 930 теңге, педагогтар және басқалар – 177 570 құрап отыр», – дейді басқарма басшысы.
Медико-демографиялық көрсеткіштер бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,8 екен. Ана өлім-жітімі 100 мыңға шаққанда – 15,9 (2023 жылдың 3 айында – 7,4) құрап отыр. Яғни былтырғы жылдың үш айымен салыстырғанда 2 есе өсіп отыр.
Нәресте өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда – 7,7 (2023ж.3ай – 6,7) құрап, 14,9%-ға жоғарылады. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 19,4 (2023ж.3ай – 20,6) құрап, 5,8%-ға төмендеді. Ал аурушаңдық көрсеткіші 349,4 (2023ж.3ай – 487,9) құрап, 28,4%-ға азайды. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 5,8 (2023ж. 3ай – 7,1) құрап, 18,3%-ға төмендеді», - дейді басқарма басшысы.