×

«Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» мәселесі талқыланды

АПВ – ға қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін

«Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» мәселесі талқыланды

13 мамыр күні Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адам папиллома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгертуге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен қауіпті.

2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ –ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.

АПВ – ға қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.

Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын – алудың бірден – бір әдісі-бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата – аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

Түркістан облысы бойынша 2022 жылы жатыр мойнының обырының 3-4 дәрежесімен - 127 жағдай тіркелген. 2023 жылы жатыр мойнының обырының 3-4 дәрежесімен - 142 жағдай тіркелген. Яғни аурушаңдықтың жоғарлауы орын алуда.

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының жуық жаңа 1900 жағдайлары тіркеледі. 600 – ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

АПВ – ға қарсы вакцина дүниежүзінің 135 елінде қыз балалар үшін, ал кейбір жағдайларды ұл балалар үшін жаспарлы екпелер күнтізбесінің шеңберінде жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті
Бүгін, 11:34

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →