×

Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов өмірден өтті

Белгілі жазушы дүниеден озды

Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов өмірден өтті
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, мәдениеттанушы ғалым, қаламгер Мұрат Әуезов өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы растады.

Мұрат Әуезов 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысының Меркі кентінде дүниеге келген. Ол – қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы.

Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшін диссертация қорғады. 

Мұрат Әуезов 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1992 жылы Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру шаралары жүргізіліп келеді
Алғашқы отада жасы 60-тан асқан тұрғынның ауруы асқынып кеткен
Абай облысының құрылуымен Семей қаласы қайта жанданып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →