×

Түркістан облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алуда

Елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру шаралары жүргізіліп келеді

Түркістан облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алуда

Түркістан облысында конго-қырым қызбасына қарсы және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға денсаулық сақтау басқармасы, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, Мемлекеттік кірістер департаменті, білім басқармасы, облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы және онлайн байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты.

«Жыл сайын тұрақты түрде конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру шаралары жүргізіліп келеді. Дегенмен биыл өңірде дезинфекциялау кеш басталды. Кенеден келетін кесел аса қатерлі. Дәрілерді уақтылы қолдануды ескеріңіздер. Жұмыстың сапасын, тиімділігін анықтау бойынша аудан, қалаларда құрылған арнайы комиссия жұмыстарын жандандырсын», – деді облыс әкімінің орынбасары Б.Дәулетұлы.

Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бауыржан Сатыбалды осы бағытта атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндаса, облыстық санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбол Нышанов осы саладағы түйткілдерге тоқталды. Ал, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының міндетін уақытша атқарушы Бағлан Базарбекұлы МӘМС жүйесін іске асыру туралы статистиканы таныстырды. Б.Тәжібаев халық арасында МӘМС жүйесі жайында түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттеді.

Мәжілісте бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, сауалдар қойылды. Өзекті мәселелер ортаға салынып, жауаптыларға тапсырмалар берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды
Кеше, 16:38

Алматы көшелерінен 105 мың текше метр қар шығарылды

Шаһар аумағына 18 сантиметр қар түсті
Қандас ретінде келудің негізгі шарты – қазақ ұлтына жататынын дәлелдеу
Өзгерістер көлігін алғаш рет сақтандыратындарға да, бұрыннан көлік тізгіндеп жүргендерге де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →