Мамандар аудандық ауруханаларға шығып, бекітілген кестеге сәйкес практикалық көмек көрсетеді
Түркістан облыстық балалар ауруханасында биылғы жылдың 5 айында жүрекке 59 операция жасалған. Оның ішінде жасанды қан айналымы апаратын қолданумен ашық жүрекке 51 операция өткізілген. Ота бір жасқа дейінгі 48 бала мен 9 жаңа туған нәрестеге жасалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасында 43 эндоваскулярлық операция бір жасқа дейінгі 9 балаға өткізілген. Ал, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту балалар кардиохирургиясы бойынша 21 операция жасалынған. Одан бөлек, 311 жаңа туған нәресте ретинопатияға скринингімен қамтылып, 51 шала туған нәрестеден ретинопатия анықталды және 5 нәрестеге тор лазерлеу операциясы жасалды. Осы ретте 761 науқас облыстық балалар ауруханасының оңалту орталығында емделді.
Жалпы облыстық балалар ауруханасының мамандары аудандық ауруханаларға шығып, бекітілген кестеге сәйкес практикалық көмек көрсетеді. Күрделі диагноздарымен келген науқастарға кенес беріп, көрсеткіштері болса оталар жасалады. Олар жылдың басынан бері 14 аудандық ауруханаларға және Түркістан қалалаық балалар ауруханасына барып, енді 6 мекемеге, оның ішінде Сайрам, Карабулак, Ленгер, Толеби, Кентау и Сауранға шығады. Бригада құрамында балалар кардиологы, неврологы, пульмонолог, эндокринолог, балалар хирургы бар.
Айта кетейік, Облыстық балалар ауруханасы елімізде кардиохирургия қызметі бойынша медициналық қызмет көрсететін жетекші орталық. Ауруханада 18 төсектік балалар кардиохирургиялық бөлімшесі жұмыс істеп, жүрек ахауына шалдыққан балаларға жоғары маманданрылыған медициналық көмек көрсетіледі. 2014 жылдан бастап өңірде балалар кардиохирургиясы ашылған сәттен бастап ауруханада 2864-тен астам ота жасалды.