×

Жас жігіттерді көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды – Қорғаныс министрлігінде жауап берді

Полицейлер әскерден қашқандарды күшпен әкетуге құқылы ма?

Жас жігіттерді көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды – Қорғаныс министрлігінде жауап берді
Фото: tengrinews.kz

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте әскерге жас жігіттерді көшеден ұстап алып кетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қорғаныс министрлігінің жергілікті орындарындағы әскери басқару органдарының тізімін жасақтайды. Осы бойынша шақырылады. Ал егер де шақыртуды алып, бірақ, келмеген азаматтар болса, олардың тізімдері ішкі істер органдарына беріледі. Яғни, оларды жергілікті әскери басқару органдарына жеткізуге жауапты», – дейді Жангулин.

Оның айтуынша, Конституция бойынша әр азамат елімізді қорғауға міндетті.

«Сондықтан азаматтардың сана-сезіміне байланысты. Әскерге шақырту келсе, олар келуге міндетті. Бұл жерде олардың тарапынан заң бұзушылық байқалып отыр. Ішкі істер органдары тиісті түрде оларды жеткізуге мәжбүр. Ол азамат тексеріледі, әскерден шететтілетін жағдай болса, әскерден босатылады. Ал барлығы дұрыс болып, әскерге сай болса, әскерге жіберіледі», – деді Жангулин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бірлік пен жаңғырудың ұлы күні: Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтуде
Кеше, 15:03

Бірлік пен жаңғырудың ұлы күні: Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтуде

Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен түрілді
Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды
«Халық үніне құлақ асатын үкіметтің» назарына ұсынамыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →