×

Бір жасқа дейінгі баланы қалай шомылдыру керек – дәрігер кеңес берді

Дәрігердің нұсқауынсыз түрлі кремдер мен жақпа майларды қолданбаған дұрыс

Бір жасқа дейінгі баланы қалай шомылдыру керек – дәрігер кеңес берді

Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Арапбаеваның сөзінше өмірге жаңа келген нәрсетенің күнделікті беті мен үстін тазалап тұру керек. Сондай-ақ, күнде киімін жиі ауыстырып, тек ана сүтімен қоректендіру керек. Балаға алты айға дейін тамақ, су беруге болмайды. Алты айдан соң қосымша тамақтар қосылып отырады. Сонымен қатар сәби таза, жарық жерде өсуі керек. Дәрігердің нұсқауынсыз түрлі кремдер мен жақпа майларды қолданбаған дұрыс.

«Баланың кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып, ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады. Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн. Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5-7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің қолын таза ұстап, тырнағын өсірмей алып тұрған жөн. Өйткені тырнағы өсіп кетсе бала бет-аузын тырнап жарақаттап алады. Сәбидің киім-кешектері мен жаялықтарын жай ғана жуып қоймай, қайнатып, міндетті түрде екі жағын бірдей үтіктеу қажет», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды
Бүгін, 14:43

Алматыдағы Сайран көлі жағалауы қашан ашылатыны белгілі болды

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →