×

Түркістандық шаруа қожалықтары МӘМС-ті қалай төлейді?

Жеке кәсіпкерлер жарнасын есептеудің нысаны ретінде тиісті қаржы жылына республикалық бюджетпен бекітілген 1,4 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері саналады

Түркістандық шаруа қожалықтары МӘМС-ті қалай төлейді?

Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасында ұйымдастырылған жиналыста бас сарапшы И.Меңлібаев жеке кәсіпкер және шаруа қожалықтардың жарна төлеу тәртібі бойынша кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 14-бабы, 2-тармағына сәйкес, МӘМС жарнасын төлеушілерге жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық шарт жасасқан жұмысшылар және жеке кәсіпкерлер жатады.

МӘМС туралы Заңның 28-бабы, 3 және 5-тармақтарына сәйкес, жеке кәсіпкерлердің жарналары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,4 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% ретінде белгіленеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жеке кәсіпкер жарнасының мөлшері 5950 теңгені құрайды.

Жеке кәсіпкерлер жарнасын есептеудің нысаны ретінде тиісті қаржы жылына республикалық бюджетпен бекітілген 1,4 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері саналады, салық есептерін беруді тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер есепке алынбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →