×

Вирусты гепатит қалай алдын алуға болады – дәрігер кеңесі

Іс-шара барысында аурухана дәрігерлері науқастардың қан қысымын өлшеп, сұрақтарына жауап беріп, баспа материалдарын таратты

Вирусты гепатит қалай алдын алуға болады – дәрігер кеңесі

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық ауруханасында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатит, ТОҚТА!» акциясы шеңберінде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара барысында аурухана дәрігерлері науқастардың қан қысымын өлшеп, сұрақтарына жауап беріп, баспа материалдарын таратты. Сонымен қатар, тұрғындарға барлық вирус түрлері организмдегі ең маңызды ағза – бауырды зақымдайтындығын және созылмалы гепатиттің бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігіне ұласуы өте көп кездесіп жатқаны жөнінде мәліметтер берді.

«Созақ аудандық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Меруерт Танатарованың сөзінше, аурудың таралу, жұғу механизмінің әртүрлі болуына байланысты гепатит түрлері 2 топқа бөлінеді. Олар энтеральды, яғни ауыз қуысы арқылы және А, Е гепатит түрлері және парентеральды қан арқылы жұғады. Гепатит «А» тұрмыстық қатынас жолымен – жеке бас тазалығы сақталмағанда, лас қол, ыдыс, ойыншық, тұрмыстық заттар арқылы,  су арқылы – лас суға түскенде, абайсызда су жұтып қойғанда және вируспен ластанған суды ішкенде, тамақ арқылы – жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек жегенде жұғады. Ал, гепатит «Е» су арқылы жұғады. Одан бөлек, жарақаттанған тері, шырынды қабық арқылы егер вирус «тасымалдаушымен» тығыз қарым-қатынаста болса, қан құйылған кезде не одан дайындалған дәрілік заттарды пайдаланған кезде, жыныстық қатынас арқылы, парентеральды жолмен  есірткі қабылдағанда, сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда, егер санитариялық ережелер дұрыс сақталмаса, баланы сүндетке отырғызғанда, сондай-ақ ауру анасынан туу жолдары арқылы нәрестеге жұғады. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, емделсе, толығынан айығады», – деді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Кеше, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →