×

Алматыда самокатқа қатысты жаңа ереже енгізілмек

Досаевтың айтуынша, қаладағы микромобиль көлігі нарығы реттелуі тиіс

Алматыда самокатқа қатысты жаңа ереже енгізілмек
Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада самокат жалдаумен айналысатын компаниялардың жұмысын реттеу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің халықпен кездесуі барысында самокат үшін қабылданған ережелерге қарамастан, самокатшыларға қатысты оқиғалардың тоқтамай жатқанын, ал полиция самокаттың көп ағынын бақылай алмауына қатысты сұрақ қойылды.

"Бұл мәселе бойынша менің ұстанымым бұрынғыдай. Заңнамаға өзгерістер енгізілді, бірақ мен ІІМ-ге не істеу керегінет қатысты екінші өзгерістер пакетін енгіздім. Мен компания жұмысын реттеу керек деп ойлаймын. Олар өз жауапкершілігін түсінуі керек, қалада механизм бар. Мысалы, самокатты көрінген жерде қалдырып кетуге болмайды, бұған дейін адамдар жалға алу құны артатындықтан уақыт аяқталған кезде оны тастап кететін. Пайдаланушылар автотұраққа жеткізуі керек, содан кейін хаос болмайды. Жылдамдық шектеулері: GPS бойынша жалға беру қызметтері егер олар жылдамдықтың жоғарылағанын көрсе, олар самокатты автоматты түрде өшіре алады. Сондай-ақ тротуарларда жүрген самокатшыларды бақылауға мүмкіндік беретін навигация бар", - деді әкім.

Ерболат Досаевтың айтуынша, қаладағы микромобиль көлігі нарығы реттелуі тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қандас мәртебесі: СІМ Ауғанстан қазақтарының Қазақстанға қалай келе алатынын айтты
Бүгін, 11:19

Қандас мәртебесі: СІМ Ауғанстан қазақтарының Қазақстанға қалай келе алатынын айтты

Қандас ретінде келудің негізгі шарты – қазақ ұлтына жататынын дәлелдеу
Өзгерістер көлігін алғаш рет сақтандыратындарға да, бұрыннан көлік тізгіндеп жүргендерге де қатысты
Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →