×

Диеталық тамақтанудың пайдасы қандай - дәрігер Жадыра Қасымның кеңесі

Ұзақ өмір сүру үшін, жас ұрпақтың дұрыс дамып өсуі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше

Диеталық тамақтанудың пайдасы қандай - дәрігер Жадыра Қасымның кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Дұрыс тамақтанудың ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып, керекті дәрумендермен қамтамасыз етуі тиімді болып саналады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Сауран аудандық емханасына қарасты «Жібек Жолы» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Жадыра Қасым жауап берді.

Дұрыс тамақтану адамның дұрыс өсуін және ағзаның дамуын, сонымен қатар денсаулықтың сақталуын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етіп, адам өмірінің ұзақтығына әсерін тигізеді

Оның сөзінше, адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

«Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты жұқпалы емес алиментарлық аурулар, жүрек-қантамыр, диабет, семіздік, анемия және тағы басқа аурулар жасаруда. Ұзақ өмір сүру үшін, жас ұрпақтың дұрыс дамып өсуі үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше. Адам ағзасына әсер ететін көптеген сыртқы ортаның факторларынан тамақтану ең маңыздысы болып табылады. Дұрыс тамақтанудың ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып, керекті дәрумендермен қамтамасыз етуі тиімді болып саналады және емдік маңызы да аса үлкен. Өйткені тамақтанудың сипатын өзгертіп, ағзадағы зат алмасуын реттеп, жүріп жатқан ауруға белсенді әсер етеді. Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы ауру құбылыстарының қайталанбауын, асқынуының алдын алуда маңызды рөл атқарады, әсіресе емдеу профилактикалық мекемелерінде»,- деді Жадыра Қасым.

Айта кетейік, дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті
Бүгін, 12:38

Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті

Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді
Көрмеге ағаштан, металдан, тоқыма бұйымдарынан жасалған өнімдер қойылды
Ешкім біреудің жеке ақпаратын таратуға, өзге адамдарды қорқытуға қақысы жоқ
Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →