×

Алматыда фельдшер науқастың 1,5 млн тұратын алқасын ұрлап алған

Енді оған науқасқа қайта жақындамайтындай қара мөр басу керек

Алматыда фельдшер науқастың 1,5 млн тұратын алқасын ұрлап алған
Сурет бейнеден алынды

Алматыда жедел-жәрдем фельдшері науқастан құны 1,5 млн тұратын алқасын ұрлап алған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл оқиға Алматыда болды. Өзі ессіз құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың алтын алқасын фельдшер шешіп алған.  Мұны кейін байқаған баласы полицияға арыз жазып, бейнекамераны көрсетуді талап етіп, ақыры ұры анықталады. Жедел жәрдем ішінде құны 1,5 миллион теңге тұратын алқаны сыпырып жатқанын көріп тұрсыздар. Айтпақшы, фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті.
Науқас аман-есен аяқтан тұрды, ал қарабет фельдшер жұмыстан босатылған. Жай ғана босатпай емдеу мекемелеріне, науқасқа ешқашан жақындамайтындай қара мөр басу керек еді», - дейді журналист.

Оқиға туралы Qaz365.kz тілшісіне Алматы қаласы Полиция департаменті пікір білдірді.

«Түрксіб аудандық полиция Басқармасы бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары кешені жүргізілуде, одан кейін өндірістік материалдар сотқа жолданатын болады», – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті
Бүгін, 18:50

Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті

Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды
Өңірде 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізуде
Облыста 50-ден астам ұлт өкілі тұрады және 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →