×

Жүрек ауруларын қалай емдеуге болады? Түркістандық кардиолог кеңесін айтты

Жүрек және қан тамыры аурулары өлімге душар ететін дерттердің тізімін бастап тұр

Жүрек ауруларын қалай емдеуге болады? Түркістандық кардиолог кеңесін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының кардиолог дәрігері Жанар Ермаханова жүрек-қан тамырлары аурулары дүние жүзінде ерте өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүрек және қан тамыры аурулары өлімге душар ететін дерттердің тізімін бастап тұр.

«Кеуденің сол жағы және астыңғы жағы немесе қолтық астында емес дәл ортасында ауырсыну сезілсе, дәрігерге көрінген жөн. Ауру көп жағдайда тамыр арқылы мойынға беріледі. Қозғалыссыз отырған уақытта ауырсыну 15 минуттан артық созылса, бұл - инфаркт. Сондықтан, қозғалыс кезінде ауырсынуды сезінсеңіз тоқтап, бір жерге отыра тұрыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, жедел жәрдемді шақыртыңыз. Қазір 35 пен 50 жас аралығындағы адамдардың көпшілігінен жүрек кеселі анықталып отыр. Бұған ерте жастан темекі шегу, ішімдік ішу, шамадан тыс тамақтануы себеп болады. Сол себептен дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Қазіргі таңда 40 жастан асқан азаматтарға тексерістен өту міндеттеледі. Жалпы, өлім-жітімнің 55 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен елімізде 80 мың адам көз жұмады. Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу денсаулық пен ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн»,- дейді маман.

Айта кетейік, жүрек ауруынан сақтану үшін жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды және құрамында магний бар тағамдарды көбірек тұтынған жөн. Күнделікті тұтынатын судың мөлшерін, қадағалау керек. Сұйықтық ішуді күніне екі литрге дейін азайту жүректің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«30 мыңнан 300 мыңға дейін»: Депутаттар азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты
Бүгін, 07:55

«30 мыңнан 300 мыңға дейін»: Депутаттар азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты

Бір отбасын асырау үшін айлық табыс қанша болу қажет
20 мамырда Ұлттық сараптама орталығы комбинатқа жақын елді мекендерде қосымша зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →