×

«Неге бізге бұлай істеп жатырсың?»: Досаев «Төменгі Бесжылдық» тұрғындарына уәде беріп кетті

«Неге бізге бұлай істеп жатырсың?»: Досаев «Төменгі Бесжылдық» тұрғындарына уәде беріп кетті
видеодан кадр

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында оларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз желілерін салу бойынша қабылданып жатқан жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол осы ауданға қарасты «Төменгі Бесжылдық» шағын ауданында 115 шақырым су құбыры және 32 шақырым кәріз желілері салынып жатқанын айтты. Әкім жолдарды қайта жөндеуге және жыл соңына дейін жобаны аяқтауға уәде берді.

«Төменгі Бесжылдық»  тұрғындары жолдың сапасыздығы мен жаяу жүргіншілер жолының жоқтығына наразы. 

Сондай-ақ тұрғындар Алматы әкімі Ерболат Досаевқа ауданды абаттандыруға қатысты көкейтесті сауалдарын қойды.

Алматы тұрғындарының бірі асфальттың қирап жатқанын, жаяу жүргіншілер жолының жоқтығын және автобустардың кешігіп жатқанын айтып шағымданды.

Оның айтуынша, сапасыз төселген асфальт қысқа шыдамайды. Жолдың нашарлығынан қарттар мен балалар сай-сала, қауіпті аймақтарды аралап, жалғыз автобус жиі уақытында келмей қалады.

Бұған жауап ретінде Досаев мұндай аумақты «мұраға алғанын» айтып, мердігерлер ақаулар анықталса, жұмысты қайта жүргізетінін және жобаның жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Аталған жұмысты жеке бақылауына алатынын айтты.

Инженерлік инфрақұрылымға қатысты инженерлік-коммуникациялық жұмыстарды биыл аяқтаймыз деп сенемін. «Төменгі Бесжылдық» тұрғындарына асфальтбетон және басқасы сапалы болғанын қалаймыз,- дейді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →