Бұл туралы спортшы парақшасында жазды
Сабина Алтынбекова индонезиялық волейбол клубының капитаны болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті менің оқырмандарым, мен Пролига 2025-те ойнау үшін Yogya Falcons волейбол клубымен келісім-шартқа отырғанымды хабарлап, қуанышты жаналығымен бөліскім келіп отыр. Командаластарыммен және барлық Индонезиялық волейбол жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтудемін. Жақын арада көріскенше», – деп жазды спортшы.
Айта кетейік, волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы тұрмысқа шығып, балалы болып, спорттағы карьерасынан үзіліс алған еді. 2022 жылы спортқа қайта оралып, арабтың Al wasl клубында ойнады. 2022-2023 жылдары ол Al wasl Араб лигасының чемпионы атанып, әлемдегі ең бай волейболшылардың қатарына қосылды.