×

Тағы бір бокстан әлем чемпионы жаңа қызметке тағайындалды

Тағы бір бокстан әлем чемпионы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҚБФ

Бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов бокс федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды, - делінген  хабарламада.

Мерей Ақшалов — бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған, 2006 жылы Мароккода өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған, 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған, сондай-ақ соңғы 2010-2012 жылдары "Астана" арландары сапында өнер көрсетіп, 2012 жылғы ел біріншілігінде 64 келі салмақта чемпион атанған.

Ұлттық Олимпиада Комитетінде, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Ақмола облысының Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушы болған ол 2024 жылдың сәуір айында спорт мектебіне басшы болды.

Мерей Ақшаловтың туған жері бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданы Мыңбұлақ ауылы. Астана қаласындағы Қажымұқан атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегі. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақстандық спортшылар осы байрақты бәсекеде жалпы 14 медаль қанжығаға байлаған
Бұл - қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім
Бұған дейін Әлімханұлы өзіне абсолютті чемпион атағы керектігін мәлімдеген еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →