×

Дзюдо: Қазақ балуандарының әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Назарыңызға отандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50)

Дзюдо: Қазақ балуандарының әлемдік рейтингтегі орны анықталды
ашық дереккөзден

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған турнирде қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылаған. Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақ дзюдошылары ішінде Абиба Абужақынова үздік бестікке енген. Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Данияр Шамшаев 15-ші орынға тұрақтаған.
Назарыңызға отандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50):
Ерлер
-60 келі
Мағжан Шамшадин – 15 орын (2773 ұпай)
Елдос Сметов – 23 орын (1929)
Бауыржан Нарбаев – 34 орын (1438)
Нұрқанат Серікбаев – 36 орын (1322)
Шерзод Давлатов – 49 орын (855)
-66 келі
Ғұсман Қырғызбаев – 24 орын (2010)
Есет Қуанов – 42 орын (1114)
-73 келі
Данияр Шамшаев – 15 орын (2746)
Жансай Смағұлов – 21 орын (2060)
-81 келі
Абылайхан Жұбаназар – 22 орын (2105)
-90 келі
Дидар Хамза – 24 орын (1920)
-100 келі
Нұрлыхан Шархан – 24 орын (2115)
+100 келі
Әділ Оразбаев – 41 орын (1081)
Ғалымжан Қырықбай – 49 орын (780)
Әйелдер
-48 келі
Абиба Абужақынова – 5 орын (4183)
Ғалия Тынбаева – 39 орын (1236)
-57 келі
Севара Нышанбаева – 33 орын (1317)
-78 келі
Аруна Жангелдина – 32 орын (1120)
+78 келі
Камила Берлікаш – 19 орын (2544)
Назгүл Маратова – 39 орын (831).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →