×

Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңа рейтингінде көтерілді

Ұлттық құрама 112-орында тұр

Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңа рейтингінде көтерілді
kff.kz

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА)  жаңа рейтингісінде қазақстандық футболшылар 8 сатыға көтерілді. Қазір ұлттық құрама 1177,5 ұпай жинап, 112-орында тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Магомед Адиев шәкірттерінің әлемдік рейтингіндегі бұл көрсеткіші 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Дания құрамасына қарсы сенсациялық және тарихи жеңісімен байланысты болды. Кездесуде скандинавиялықтардан 0:2 есебімен ұтылып жатқан қазақстандықтар ақыры 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Қазақстан құрамасына жеңісті Бахтиёр Зайнутдинов, Асхат Тағыберген және Абат Айымбетовтің голдары әкелді.

ФИФА баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлемнің үздік құрамаларының тізімін Катарда өткен соңғы әлем чемпионатының жеңімпазы Аргентина құрамасы бастап тұр.

Оңтүстік америкалықтар 1840,93 ұпаймен бірінші орында.

Үздік үштікке Франция (1838,45) және Бразилия (1834,21) кірді. ФИФА-ның үздік ондығына сонымен қатар Бельгия, Англия, Нидерланды, Хорватия, Италия, Португалия және Испания кірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →