Турнирге еліміздің әр өңірінен БАҚ өкілдерінен құралған 8 команда қатысты
Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.
Турнирдің салтанатты ашылуына Бейсен Құранбектің жақын туыстары, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, «Жетісу» ТРК бас директоры Серік Әбікенұлы, MediaLab коммуникация агенттігінің директоры Ришат Асқарбекұлы, Талдықорған қалалық әкімдігі өкілдері қатысып, сөз сөйледі.
«Жетісу» телеарнасы мен «Жетісу» газеті, және Janr әдеби клубы ұйымдастырған турнирге Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген 8 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей:
1 орын — «Экспресс-К» командасы
2-орын — «Қарекет» командасы
3-орын — «Хабар — Астана» командасы
4-орын — «Тараз-пресс» командасы
Сонымен қатар Жұматай Жақыпбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы екі бірдей арнайы сыйлық тапсырылады.
Биылғы турнирге Жетісу облысының әкімдігі мен «Medialab» комуникация агенттігі және Көксу ауданының әкімдігі демеушілік жасады.